Жасанды интеллект адамзатқа бақылау жасайтын деңгейге жете ала ма - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасанды интеллект адамзатқа бақылау жасайтын деңгейге жете ала ма

Жасанды интеллект адамзатқа бақылау жасайтын деңгейге жете ала ма

Жыл сайын желтоқсан айында Нобель сыйлығының лауреаттары дөңгелек үстел басына жиналып, өзекті тақырыптарды талқылау дәстүрі бар.

  • 8 Қаңтар
  • 11
Фото: видеодан алынған

Биылғы жылдың лауреаттары желтоқсан айында жасанды интеллекттің болашағы туралы талқылады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Биыл физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері, «жасанды интеллекттің атасы» атанған Джеффри Хинтон, жасанды жадының адамның ми құрылымы үлгісінде жасалғанын айтып, қазіргі GPT-4 әлеуетін өте жоғары бағалап отырі.

«Жасанды интеллект адамзатқа бақылау жасайтын деңгейге жете ала ма?» деген сұраққа Джеффри Хинтон: «Мәселе ‘басқару пультіне’ бірінші кім қол жеткізетінінде. Осы саладағы зерттеулерді көбейтуіміз керек,» – деп жауап берсе, медицина саласы бойынша лауреат Дэвид Бейкер: «Біз адамның әлеуетін тым жоғары бағалап жібердік. ЖИ – адамзаттың жасаған ашылымы болғанымен, ол табиғат алдында әлсіз,» – деп жауап берді. Ұшақ секілді адам ұша алмағанымен, ұшақтар бізді бақылап отыр ма деген де ой айтылды.

Ал экономист, түбі түркі Дарон Аджемоғлу: «Керісінше, адамның ұжымдасып өмір сүре отырып, тез бейімделгіштігі мен икемділігін төмен бағаламауымыз керек,» – деп отыр.

Залдан: «Жасанды интеллекттің дамуы әлемдегі адам құқықтарына, демократияға және экономикалық теңсіздікке қалай ықпал етеді?» – деген сұрақ қойылды. Жауабын төмендегі сілтемеден көріңіз.

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай осы ғасырда осы дөңгелек үстелде әлем бойынша 20 миллионға жуық қазақтың бір азаматының отыратынына сенетінін білдірді.

«Нобель алғаннан кейін қандай өзгерістерді байқадыңыз?» деген сұраққа лауреаттардың бірі: «Университетімде алғаш рет жеке офис берілді,» – десе, енді бірі: «Кеше көшеде 185 адаммен селфи түстім,» – дейді. Үшіншісі: «Почтама жеке жауап бере алмай, көмекшімнің көмегіне жүгінуге мәжбүр болдым,» – дейді.

Біздің ғалымдарымыз Нобель алса, сол кісінің есімімен аталған жаңа бір ұрпақ қалыптасар еді.

Перейти к новостям спорта