Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл 2024 жылға қарағанда 170 адамға ғана көп болады. Себебі, еңбек министрлігі өңірлік квотаны арттырды.
«Осы бұйрықты қабылдаудағы мақсат — Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген аймақтарға кандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы көшіру», — деп түсіндірді ведомстводағылар.
2025 жылы қабылдау квотасы қандастар үшін былай бөлінді:
Павлодар облысы – 1056 адам;
Ақмола облысы – 285 адам;
Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам;
Абай облысы – 244 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам;
Қостанай облысы – 150 адам;
Атырау облысы – 100 адам;
Батыс Қазақстан облысы – 30 адам.
Қоныс аударушылар үшін:
Павлодар облысы – 3050 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 2969 адам;
Қостанай облысы – 535 адам;
Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам;
Абай облысы – 255 адам;
Ұлытау облысы – 125 адам;
Қарағанды облысы – 38 адам.
Қандастарға және қоныс аударғандарға мынандай көмек түрлері көрсетіледі:
көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;
қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 148 мың астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды.