Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар тобын ұстады.

  • 10 Қаңтар 2025
  • 10
Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан астам тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.