Музей кітапханасының сирек кітаптар қорынан - kaz.caravan.kz
  • $ 524.75
  • 540.6
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Музей кітапханасының сирек кітаптар қорынан

Музей кітапханасының сирек кітаптар қорынан

Тұңғыш Президент Музейінің кітапханасында танымал қоғам және саяси қайраткерлер, әлем көшбасшылары мен жазушылар сыйға тартқан көптеген бірегей басылымнан тұратын кітаптар жинағы бар. Бүгін сіздердің назарларыңызға соның бірін ұсынамыз.

  • 10 Қаңтар
  • 4
Фото - Caravan.kz

Гийом Дю Шуль. «Римдіктердің әскери лагерь құру өнері және әскери тәртіптері туралы сөз». – Лион. – 1555 жыл (Бірінші басылым). Француз тілінде.

Сирек кездесетін басылымның мұқабасы XVI ғасырдағы былғарымен түптелген. Кітап мұқабасына елтаңба бедерленіп, алтынмен әшекейленген. Сондай-ақ, Симонетта Грибальди библиографиялық орталығының түпнұсқалық куәлігі бар. 

Гийом Дю Шуль (1496–1560) – француз тарихшысы, антиквариат зерттеушісі және патша кеңесшісі. Ол антика әлемін, әсіресе Рим жайлы зерттеулерімен кең танылған. Ежелгі дәуірді еңбегі арқылы танытуға тырысқан. 

«Римдіктердің әскери лагерь құру өнері және әскери тәртіптері туралы сөз» атты кітабында рим легиондарының құрылымы, тактикасы және тәртібі сипатталады. Әсіресе, лагерь ұйымдастыру логистикасына ерекше көңіл бөлінген. Римдіктердің әскери лагерь салу, олардың сәулеті мен стратегиялық жоспарлау туралы толық ақпарат келтірген. Автор сонымен қатар, римдіктердің жауынгерлерді дайындауға байланысты спорттық және дене жаттығулары туралы да жазған.