Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың жария тізілімі пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 529.7
  • 545.96
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың жария тізілімі пайда болады

Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың жария тізілімі пайда болады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың тізілімі пайда болатынын мәлімдеді.

  • 15 Қаңтар
  • 3
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу” бойынша заң жобалары қаралады.

Заң жобалары шеңберінде елде сыбайлас жемқорлықтың жария тізілімін енгізу жоспарлануда.

«Бұл профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғам алдында айыптау арқылы ел арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу қасиетін қалыптастыру. Тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер енгізілетін болады. Заңды күшіне енген айыптау үкімі адамдарды тізілімге енгізу үшін негіз болады», — деп түсіндірді Сарқұлов отырыс барысында.

Хабарланғандай, тізілімнен шығару заңды күшіне енген ақтау үкімі мен соттылықты өтеу негізінде мүмкін болады.