Көлігін бес минуттан артық қыздырғаны үшін алғашқы айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.7
  • 545.96
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлігін бес минуттан артық қыздырғаны үшін алғашқы айыппұл салынды

Көлігін бес минуттан артық қыздырғаны үшін алғашқы айыппұл салынды

Ішкі істер органдары азаматтарға осы әрекет үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етпейміз десе де, алғашқы айыппұл өз иесін тапты.

  • 15 Қаңтар
  • 10
Фото: zr.ru

Петропавл тұрғыны көлікті жылытқаны үшін айыппұл алғанын желіде бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Елімізде қыс уақытында көлігін 5 минуттан артық қыздыруға тыйым салынған. Кері жағдайда айыппұл қарастырылған. Бүгінгі таңда айыппұл сомасы — 19 660 теңгеге тең.

Аталмыш заң нормасының енгізілгеніне 20 жыл болған екен. Алайда осы уақыт аралығында ешбір азаматқа айыппұл салынбаған. Дегенмен биыл бұл норма қайта қарастырылып, қоғамдық резонанс тудырды.

Елімізде көлігін бес минуттан артық қыздырғаны үшін алғашқы айыппұл арқалаған азамат анықталды. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жариялап, «мысқылмен» алғыс айтқан.

«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 597 бабының 1 бөлігі бойынша азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Кодекстің 597 бабының 1 бөлігі бойынша бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл көзделген», — деп хабарлады комитет.

Аталған бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары келіп түскен кезде және заң бұзу туралы дәлелдер болған кезде ғана қозғалады. Ал сіз аулаңызда оталып тұрған автокөлікті көрсеңіз арызданасыз ба?