Қырғызстандық әнші Кенесары хан үшін Қазақ халқынан кешірім сұрады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 529.7
  • 545.96
0 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандық әнші Кенесары хан үшін Қазақ халқынан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қырғызстандық әнші Кенесары хан үшін Қазақ халқынан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қырғызстанның белгілі әншісі Қайрат Примбердиев Қазақ халқынан Кенесары ханның басын алған жағдай үшін кешірім сұрады.

  • 16 Қаңтар
  • 31
Видеодан скрин

Бұл туралы ол Airan Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Біздің Орман хан Кенесары ханның басын алуына тура келген. Өзімнің атымнан қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді! Осылай болған жағдай үшін. Мен қазір жылағым келіп отыр. Кенесары хан екі ұлттың біріккенін қалап, Ресей империясына қарсы шықпақ болды. Шабдан батыр мен Орман хан Ресейдің күшін көрді. «Егер оларға қарсы шықсақ барлық адамнан айырыламыз» деп ойлады. Қырғыздан да, қазақтан да. Тіпті қазақтың сұлтандары да Ресейге соғыс ашуға қарсы болды», — деді қырғызстандық әнші.

Әншінің осы сөзінен кейін қырғызстандықтар оны қатаң сынға алды.