Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Балжан Бидаштың экс-жұбайының бұл жолғы таңдауы хиджабтағы аруға түскен.
«Бұл — жаңа өмірдің бастамасы. Шынайы құттықтауларыңызға көп рақмет, мен сіздерді қатты жақсы көремін жанашыр жандар», — деп жазды ол.
Актердің бұл жаңалығына желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. Олардың басым бөлігі оның тез үйленгеніне таң қалуда.
«Тағы үйленді ме, қалай тез қыз таба қояды», «Еркектер ажыраса салып қалай тез үйленеді», «Оңбаған жас қыздың өмірін құртып тағы үйленіп жатыр, түрің құрысын жалмауыз», «Сахнаға шықпайтын, айтқанын істейтін, өзіне ыңғайлы қыз тапты», «Осыған қыз табыла қояды екен», — деп жазды олар.