"Australian Open -2025 турнирі": Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Australian Open -2025 турнирі": Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты

"Australian Open -2025 турнирі": Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты

Қазақстан құрамасының теннисшілері Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан беделді Australian Open-2025 турнирінің екінші кезеңінен сәтті өтті.

  • 16 Қаңтар 2025
  • 8
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рыбакина өз матчында америкалық Ива Йовичтен басым түсіп, 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы украиналық Даяна Ястремская болмақ.

Путинцева екінші кезеңде Қытай спортшысы Чжан Шуайдан 6:2, 6:1 есебімен айласын асырды. Үшінші матчында ол ресейлік Дарья Касаткинамен кездеседі.