Баспана мәселесі мен көп балалы отбасылардың жағдайын көтеріп жүрген депутат парламенттен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 529.65
  • 544.64
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баспана мәселесі мен көп балалы отбасылардың жағдайын көтеріп жүрген депутат парламенттен кетті

Баспана мәселесі мен көп балалы отбасылардың жағдайын көтеріп жүрген депутат парламенттен кетті

Гаухар Танашева депутаттық сауалдарында баспана мәселесі мен көп балалаы отбасылардың жағдайын жиі көтеріп жүрді.

  • 17 Қаңтар
  • 6
Фото: parlam.kz

Гаухар Танашева Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Гаухар Танашева 2024 жылы парламент мәжілісінің соңғы отырысында «халқын аямайтын үкіметтен тұратын мемлекетпіз, бұл тактиканы өзгертпей дамыған елдердің қатарына енбейміз» деп мәлімдеген еді.

Гаухар Танашева депутаттық сауалдарында баспана мәселесі мен көп балалы отбасылардың жағдайын жиі көтеріп жүрді.

Қазақстан Халық партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов партияласы Гаухар Танашеваның депутаты өкілеттігі неге Асылбек Нұралинге берілгенін түсіндірді.

«23 желтоқсанда партиялық бюро отырысы өткен болатын. Сол кезде ротация мәселесі қаралды. Депутат Г.Танашеваның мандатын қайтарып алдық. Оның орнына партиялық тізім бойынша Асылбек Нұралин келді. Бұл қандай да бір жеке мәселелермен байланысты емес. Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтардың жылы ретінде жариялады. Асылбек Жамашұлы – металлургтердің ірі кәсіподағының басшысы», — деді ол журналистің сұрағына берген жауабында. 

Айтуынша, бұл ротация Гаухар Танашеваның келісімімен іске асқан.

«Әрине, оның келісімі бойынша жасалды. Бұл ротация қалыпты, заңды процесс. Г.Танашева өзінің Мәжілістегі жұмысын атқарып шықты, әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрді. Ротацияның себебі – жаңа міндеттер», — деді депутат.