Шыршадан құлаған мұғалім ісінде жұмыс беруші кінәлі деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыршадан құлаған мұғалім ісінде жұмыс беруші кінәлі деп танылды

Шыршадан құлаған мұғалім ісінде жұмыс беруші кінәлі деп танылды

Семейлік мұғалім Қуат Айтқалиевтің ісін еңбек инспекциясы тексеріп болды. 

  • 17 Қаңтар
  • 4
Фото: ашық дереккөзден

Жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді. 

Бұл туралы еңбек инспекциясы мәлімет таратты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап.

Шешімге сай, жұмысқа бармаған күндері үшін мұғалімге еңбекақысы толық көлемде төленеді.

Семейдегі №49 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретін мұғалім ауыр жарақатына байланысты жасалған отадан кейін жуырда ғана ауруханадан шыққан. Дәрігерлер науқастың бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Оның орнына екі айдан кейін пластик қойылады.

Аталған фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-тармағы (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс ашылған.

Енді жұмыс беруші зардап шеккен мұғалімге ем алып жатқан кездегі жалақысын толық көлемде төлеуге міндеттеледі. Сонымен қатар ақылы түрде жүргізілген емнің барлық шығындарын өтейді.

Еске салайық, жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша безендіруге заңсыз тартылған 3 мұғалімнің бірі биіктен құлап, зардап шеккен еді. Осы оқиғадан кейін Семейдегі білім бөлімінің бастығы қызметінен қуылды, ал директорлар сөгіс алды.  Мұғалімнің әйелі күйеуінің мүддесін қорғап, жұмысқа заңсыз шақырылғанын, ол үшін ешқандай ақы алмағананын айтқан болатын.