Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыс басталғалы бері тәртіп сақшылары өңір аумағында жолдарды тексеріп, анықталған бұзушылықтарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
“Барлығы 20 000 шақырымнан астам жол тексерілді. Жол жағдайына қатысты әртүрлі кемшіліктер анықталған. Соның нәтижесінде жолға жауаптыларға күтіп-ұстау және қауіпсіздік талаптарын бұзғандықтары жөнінде 132 нұсқама жіберілді, — делінген ақпаратта.
Осылайша, 12 лауазымды және 20 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тексерулерден соң шамамен 8 780 текше метр қар шығарылды. Бұл шаралар жол қозғалысының қатысушылары үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге және өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған”, — делінген хабарламада.