Қазақстан еркін күрестен гран-при турнирінде екі алтын медальға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан еркін күрестен гран-при турнирінде екі алтын медальға ие болды

Қазақстан еркін күрестен гран-при турнирінде екі алтын медальға ие болды

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова Францияның Ницца қаласында өткен Анри Деглан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

  • 20 Қаңтар
  • 5
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш жарыста Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Бұл турнир спортшылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болды.

Айта кетейік, өткен жылы Гүлдана Бекеш жастар арасында Азия чемпионатында қола медаль еншілесе, Эльмира Сыздықова 2024 жылы ересектер арасында құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.