"Ер және әйелді ғана мойындау": Дональд Трамп алғашқы күнінде 200-ден астам жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ер және әйелді ғана мойындау": Дональд Трамп алғашқы күнінде 200-ден астам жарлыққа қол қойды

"Ер және әйелді ғана мойындау": Дональд Трамп алғашқы күнінде 200-ден астам жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп инаугурация рәсімінен кейін қызметіндегі алғашқы жарлықтарға қол қойды. Бұл шешімдер елдің ішкі және сыртқы саясатына айтарлықтай өзгерістер енгізді.

  • 21 Қаңтар
  • 8
Фото: ivankatrump

АҚШ-та инаугурация өтті. АҚШ-тың 47-ші президенті болып сайланған Дональд Трамптың бірінші жұмыс күні маңызды 200- ден астам құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Reuters агенттігінің болашақ әкімшілік мүшесіне сілтеме жасап хабарлауынша, алғашқы жарлықтардың бірі АҚШ-та тек екі гендерді — ер және әйел деп мойындау болады. Мемлекеттік мекемелер сауалнамалар мен жеке кәуліктерде тек екі жынысты қолдануға міндеттеледі. Трансгендер спортшыларына әйелдер спортында қатысуға тыйым салынады.

Сонымен қатар «гендерлік идеология» мен әртүрлілік пен инклюзия бағдарламалары федералдық үкіметте тыйым салынады. Федералдық қаражатты бір жыныстан екіншісіне ауысу процедураларына пайдалану да тыйым салынады.

Бұдан бөлек заңнамалық актілер арасында келесілер аталып өтілді:

Үкімет құрамы және лауазымдарға тағайындаулар

Президент Трамп алғашқы жарлықтарының бірі ретінде 22 министр мен кабинет деңгейіндегі басқа да шенеуніктердің тағайындалуын бекітті. Сонымен қатар, 47 орынбасар мен жоғары лауазымды қызметкер тағайындалды. Одан бөлек, уақытша 31 қызметкер мен 15 комиссия төрағалары анықталды.

Джо Байденнің шешімдерін жою

Трамп Джо Байденнің кезінде қабылданған 78 шешімді жойды. Соның ішінде Кубаны терроризмді қолдайтын елдер қатарына қайтару туралы шешім бар. Сонымен бірге, федералды ведомстволардың жаңа нормативтік актілер қабылдауын уақытша тоқтататын мораторий жариялады.

Миграциямен күрес

Трамп оңтүстік шекарада төтенше жағдай жариялап, мигранттарға қарсы күресті күшейту мақсатында жаңа құжатқа қол қойды. Бұл шешім шекараны қорғауға қосымша ресурстар мен өкілеттіктер беруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, шекарада жаңа қабырға салу және мигранттарға шартты түрде азаматтық алу мүмкіндігін шектеу тапсырылды.

Рақымшылық және қылмыстық жауапкершілік

Трамп 2020 жылғы 6 қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларды кешіру, яғни Капитолийге шабуыл жасаған 1500-ге жуық адамға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, радикалды топтардың бірнеше мүшесінің жазалары жеңілдетілді.

Сауда саясаты және халықаралық ұйымдардан шығу

Президент АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) және Париж келісімінен шығатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ұйымдар АҚШ-тың мүдделеріне сай келмейді. Сондай-ақ, Мексика мен Канададан әкелінетін тауарларға 25 пайыздық баж салығы енгізу жоспарланғанын хабарлады.

TikTok және сөз бостандығы мәселесі

Трамп TikTok-қа қойылған тыйымды 75 күнге шегеріп, қолданбаны ел ішінде реттеудің тиімді жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, сөз бостандығын қорғауға бағытталған шараларға қол қойылды.