"Кімнің жолын кестің": Мейрамбек Беспаев абақтыдағы досына жан тебірентер жазба арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 527.58
  • 546.15
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кімнің жолын кестің": Мейрамбек Беспаев   абақтыдағы досына жан тебірентер жазба арнады

"Кімнің жолын кестің": Мейрамбек Беспаев абақтыдағы досына жан тебірентер жазба арнады

Мейрамбек Беспаев уақытша ұстау изоляторындағы Болат Мажағұловтың білікті басшы болғанын айтты.

  • 22 Қаңтар
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші істің әділ шешім табатынына сенетінін айтқан.

«Жаласына жалғанның күйе бердім,
Талқысына басымды ие бердім.
Бақытын да, қуаныш, қайғысын да,
Сүйе бергім келеді,сүйе бергім…

Болат бауырымның басына бұлт үйірілгелі біраз болды. Кімнің жолын кесіп, кімнің алдынан көлденең өттің екен? Жібі түзу дәлелі болмаса да сені әлі сүйреп жүр. Мен білікті басшы, өз ісінің маманы кім десе, сені көрсететін едім. Себебі, сен өнер мен мәдениеттің қарыштап дамуына қомақты үлес қостың. Жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп жүріп еңбек еттің. Бұл күндер де өтер. Бөке, бір кездері қолтығынан демеп, қасынан табылған өнер адамдары сенімен бірге. Біз бұл істің әділ шешім табатынына сенеміз. Қаратаудай қайғы арқаласа да қайыспайтын ердің ұрпағысың. Мықты бол. Жақсы күнде жадырап отыруды жазсын», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіге саясатқа араласпауға кеңес беруде.

«Мәке, саясатқа араласпаңыз», «Болаттың ұсталғаны қашан, неге енді жақтап жатырсыз», «Бердахты да жақтаңыз, бәрін ақтап пост жазыңыз», «Әртістер тек шенеунікті жақтайды, неге Шерзаттың отбасын қорғамадыңыз» — деп жазды олар.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Астана әкімдігі мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Болат Мажағұлов ұсталған еді. Ол 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдік туған.