"Тау шаңғы курортында болған өрттен 76 адам қаза тапты": Түркияда аза тұту күні жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 527.58
  • 546.15
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тау шаңғы курортында болған өрттен 76 адам қаза тапты": Түркияда аза тұту күні жарияланды

"Тау шаңғы курортында болған өрттен 76 адам қаза тапты": Түркияда аза тұту күні жарияланды

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров өрттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

  • 22 Қаңтар
  • 9
Фото: видеодан алынған

Түркияның солтүстік-батысындағы Карталкая тау шаңғы курортында ағаштан салынған қонақүйдің 12 қабатында болған өрттен қаза тапқандар саны 76 адамға жетті. Осыған байланысты бүгін Түркияда аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өрт Болу провинциясындағы 12 қабаттық қонақүйдің мейрамханасында басталып, кейін ғимараттың басқа бөліктеріне тараған. Қонақүйде демалушылардың көпшілігі ұйқыда болған.

Өрт басталған кезде қонақүйде 238 адам болған деді Түркияның ішкі істер министрі. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Өрт басталғанда кейбірі қонақүйдің терезесінен секіріп мерт болған. Басқалары көрпелер мен төсеніштерді бір-біріне байлап төменге түспек болған.

Осы уақытқа дейін қаза тапқандардың аты-жөні айтылмады. Алайда келушілерді тіркейтіндері анық. Қоғам белсенділері мен партия мүшелері өрттің орын алуы үкіметтің немқұрайлы қарым-қатынасынан туындап отырғанын айтып, кінә тағуда. Ал билік кінәлілер міндетті түрде жазасын алады деп уәде берді.

Белгілі болғандай, отель екі жыл бұрын өрт сөндіру қызметтерінен рұқсат алған. Нақты кімнің рұқсаты берлігені күмән тудырып отыр. Шындығында, өрт туралы дабыл жүйесі жұмыс істемеген.

Өрт түнгі сағат 4.20-да басталған. Барлығы ұйықтап жатқан уақытта көпшілігі уланып қалған. Көптеген түрік қонақүйлерінде темекі түтінінің өзінде дабыл іске қосылады. Ал бұл жолы ешқандай дабыл қағылмаған. Өрт басталғанда көпшілік қонақтардың жанайқайларынан ояна бастаған.

Қонақ үйдің иесін де көрсетіп жатыр. Ол үш күн бұрын жарнама жасап, онда жөндеу жұмыстары жүргізілгенін және қонақтарды қабылдауға дайын екенін айтып, шаңғы демалысына келуге шақырған.

Қонақ үй елді мекендерден өте алыс орналасқан. 40 шақырым жерде ешнәрсе жоқ. Өрт сөндіру машиналары 45 минутта жеткен.

Түркияның Президенті Режеп Тайип Ердоған бұл жағдайды жеке бақылауға алды. Өрттің шығу себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары басталып, 9 адам ұсталды.

Бүгін Түркия мен оның шетелдегі елшіліктерінде мемлекеттік ту төмен түсірілді.