Тоқаев ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады

Тоқаев ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады

Президенттің айтуынша, Қазақстан Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге айрықша мән береді.

  • 22 Қаңтар 2025
  • 7
Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хань Чуньлиннің дипломатиялық миссиясы екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамыған кезеңге тұспа-тұс келгенін атап өтіп, Қазақстан тарапының Қытаймен өзара ықпалдастықтың барлық бағытына тың серпін беруге дайын екеніне тоқталды.

Фото: Ақорда

Хань Чуньлинь ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен ықыласын жеткізіп, екі ел арасындағы мәңгі стратегиялық серіктестік жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогтың арқасында бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілгеніне назар аударды. Сондай-ақ елші Қытай мен Қазақстанның сан қырлы байланысын одан әрі нығайтуға және өзара ынтымақтастықтың жоғары динамикасын сақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.

Кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Фото: Ақорда