"Біреудің отбасын бұзып тиіп алған, адамдықтан жұрдай": Басы дауға қалған экс-шенеуніктің тоқалы туралы тың дерек тарап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біреудің отбасын бұзып тиіп алған, адамдықтан жұрдай": Басы дауға қалған экс-шенеуніктің тоқалы туралы тың дерек тарап кетті

"Біреудің отбасын бұзып тиіп алған, адамдықтан жұрдай": Басы дауға қалған экс-шенеуніктің тоқалы туралы тың дерек тарап кетті

Экс-шенеунік, Астана қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен оның тоқалы туралы шындықтың беті ашылды.

  • 23 Қаңтар
  • 87
Instagram/Болат Мажағұлов

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өзін желіде Ұлпан Бегалиева әрі Мажағұловтың туысы деп таныстырған келіншек, оның жеке өмірі мен тоқалы туралы бар шындықты айтты.

«Әлеуметтік желіде Болат Бауыржанұлы мен оның «командасы» оны адамгершілігі мол, заңды сақтайтын, мәдениетті дамытуға мол үлес қосқан азамат ретінде көрсетіп жатыр. Десе де, мәдениетті дамытумен айналысқан адам, шын өмірде мәдениеттен жұрдай болып шықты.

Егер сіз расымен заңға бағынатын адам болсаңыз, онда Анар Жашубаеваның — оның тоқалы, нақсүйері, отбасын әдейі бұзып, мақсатты түрде одан бала тауып алғанын да айтып беріңіз…

Десе де, сіздің оған дәтіңіз бармады, тіпті анаңыз да тоқалыңыз бар екенін мойындай алмады, тіпті ол екі келінін де жек көреді десем, артық айтқаным емес. Алайда, сіздердің отбасыларыңызда әйелді кемсітіп, кекету қалыпты жағдайға айналған.

Егер, шынымен әділдікті қаласаңыз, онда тоқалыңыз Анар Жашубаеваның сіздің заңды некедегі әйеліңіздің барын біле тұра, сотқа келіп алуын қалай түсінеміз?», — деп жазды ол.