"Бір қазақ жалғыз өзі ондаған қытайды жайратып тастайтындай болған": Ғасыр басындағы қытай әскері туралы қызықты дерек белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір қазақ жалғыз өзі ондаған қытайды  жайратып тастайтындай болған": Ғасыр басындағы қытай әскері туралы қызықты дерек белгілі болды

"Бір қазақ жалғыз өзі ондаған қытайды жайратып тастайтындай болған": Ғасыр басындағы қытай әскері туралы қызықты дерек белгілі болды

Әлеуметтік желіде 1908 жылы жарық көрген "Шәуешекке саяхат" (саяхат жазбалары) атты тарихи дерек тарады. Жазбада қазақтардың әскери қуаты мықты болғаны туралы деректер айтылған.

  • 23 Қаңтар
  • 36
Фото - Caravan.kz

Тарихи жазбаның үзіндісін Нұрлан Салтаев Facebook желісінде жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Н. Н. «Шәуешекке саяхат» (саяхат жазбалары), (Шәуешек — Тарбағатай аймағы, қазіргі Ұйғыр автономиясындағы елдімекен. ред) 1908 ж.

«…Көшелердің қытай бөлігінде жаппай тәртіпсіздік орын алған. Өздеріне тән ерекше киінген әрі ұзын қара бұрымдары бар қытайлар әр жерде тіміскіленіп жүр. Ал қырғыздар (қазақтар- ред) тыныш ғана жаяу немесе атпен жүр. Барлық жерде шу болып жатыр. Мені дені сау, түр-әлпеттері әдемі қырғыздардың (қазақтардың-ред) ортасындағы қытайлықтардың шаршаңқы түрі таң қалдырды. Олар қырғыздар мен сараттардың қасында ауру, әлжуаз адам сияқты көрінді. Жергілікті қытайлықтардың денсаулығы апиын мен арақтың әсерінен нашарлаған дейді. Шәуешекттегі қытайлық сарбаздардың жағдайы бұлардан да жаман болуы мүмкін. Ол жақтағы адамдардың көпшілігі қартайған және арық. Бір қырғыз немесе орыс казактары шаштары өрілген, жасы көлген әйелді еске салатын мұндай «жауынгерлердің» оншақтысын оңай жеңе алатын сияқты», — делінген тарихи жазбада.

Ал, 1802-1803 жылдары жарық көрген Я.П Гавердовскийдің «Қырғыз-қайсақ даласына шолу» еңбегінде қазақтардың әскери өнерді жоғары бағалағаны туралы жазылған.

«…Қырғыздар (қазақтар-ред) әскери өнерді асыл өнер деп бағалайды. Сондықтан халықтың басым бөлігі осы өнермен шұғылданады. Қаруды иегере алатын адамның барлығы әрқашан өзімен бірге қылыш немесе кем дегенде пышақ алып жүруі керек. Сондай-ақ, рубасы шақырған уақытта бірден баруы керек…

Қырғыздар жас кезінен бастап қаруды игеруге дағдыланған. Бозбалалар енді жігіттік дүниелерге қызыға бастағанда оған нысана көздеу мен садақ атуды, асау аттарды бағындыруды үйретеді. Ал жабайы аңдарды аулау олардың ептіліктерін шыңдап, күш береді», — делінген тарихи жазбада.