-38 градус аяз: Қазақстанның 16 облысында ескерту жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
-38 градус аяз: Қазақстанның 16 облысында ескерту жасалды

-38 градус аяз: Қазақстанның 16 облысында ескерту жасалды

Елдің басым бөлігінде ауа райы күрт суытты. Аязға байланысты бірқатар өңірде мектептер қашықтан оқып жатыр.

  • 24 Қаңтар
  • 4
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ тас жолдар жабылды. Қазгидромет дауылды ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы
24 қаңтарда түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында -31 градустық қатты аяз күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.

Ұлытау облысы
24 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы
24 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз күтіледі.

Жетісу облысы
24-25 қаңтарда түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы
24 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы
24 қаңтарда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы
24 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы
24 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Абай облысы
24 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы
24 қаңтарда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы
24 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы
24 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы
24 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысы
24 қаңтарда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіеді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы
24 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы
24 қаңтарда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.