Теңізде Үшінші буын зауытынан алғашқы мұнай өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңізде Үшінші буын зауытынан алғашқы мұнай өндірілді

Теңізде Үшінші буын зауытынан алғашқы мұнай өндірілді

Chevron корпорациясы өзінің еншілес компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Қазақстандағы Теңіз кен орнында Келешек кеңею жобасы (ККЖ) аясында мұнай өндіруді сәтті бастағанын хабарлады.

  • 24 Қаңтар
  • 7
Фото: tengelife

Қазақстандағы Теңіз кен орнында Келешек кеңею жобасы (ККЖ) аясында мұнай өндіруді сәтті бастағанын хабарлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ТШО мәліметінше, жаңа Үшінші буын зауытында (ҮБЗ) мұнай өндіру іске қосылып, бұл ККЖ-ның маңызды кезеңіне айналды.

Алдағы айларда өндіріс көлемін біртіндеп арттыру жоспарланып отыр, бұл Теңіз кен орнындағы мұнай өндіруді жылына қосымша 12 миллион тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жоба аясында жергілікті тауарлар мен қызметтерге 19,5 миллиард доллар инвестиция салынып, 90 мың жұмыс орны ашылғаны атап өтілді.

37 500 маман оқытылып, елдегі кадрлық әлеуетті дамытуға айтарлықтай үлес қосылды.