Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мен жақсы ниетпен, қарапайым халық артық шығынданбасын, бақсы-балгерге барып ширкке кірмесін және біздің есігімізді қақпай-ақ үй жағдайында тіл көз, сиқыр, дуа деген сияқты нәрселерден үй жағдайында емделсін деген ниетпен лағнет намаз туралы ақпарат тараттым. Енді лағнет намазы туралы. Негізі намаз — нәпіл намаз. Ерекшелігі бір аятты қайталап оқу. Ол аят — лағнет аятты. Сол себепті біздің арамызда лағнет намазы деп аталып кеткен. Аллаһ тағала Құранда сабыр мен намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер деген. Біз осы аятқа амал ете отырып осы намазды, осы нәпіл намазды науқастарымызға береміз. Аллаға шүкір өте жақсы нәтижелерді көрудеміз. Біз бұл намазды сүннет деп айтпаймыз. Бірақ Пайғамбарымыз (С.Ғ.С) сегіз ракат тахаджуд намазыжәне үш ракат үтір уәжіп оқыған түнгі намазы бұл сүннет. Айша анамыздан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (С.Ғ.С) түнгі намазы 13 ракат. Сегізі — тахаджуд намаз, үшеуі — үтір уәжіп және екеуі таң намазының екі ракат сүннеті еді деп келеді хабарда. Ал енді бір аятты намазда қайталау мәселесінде Әбу Зарр әл-Ғифари (р. а) жеткен хабарда Пайғамбарымыз (С.Ғ.С) түні бойы мәида сүресінің 118-ші аятын қайталағаны туралы хабар келеді. Біздің қателігіміз бұл жерде өзіміздің ауыз екі тілдегі айтылған хабарды әлеуметтік желіге жүктеп жіберуіміз. Енді осы нәрседен намаздың түбін түсінбей, бізді білместікпен ғайбаттап қойып жатқандар, бізді білместікпен алаяқтыққа балап жатқан кісілердің күнәларына себепші болып қалған себепті біз сіздерден кешірім сұраймыз» — деді Нұрбол Құсайынұлы.