“Кешірдім!“ Актердің бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Кешірдім!“ Актердің бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

“Кешірдім!“ Актердің бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы Фариза Алмазқызы өзінен кешірім сұраған күйеуімен қайта қосылмайтынын мәлімдеді

  • 26 Қаңтар
  • 13
Massaget.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Блогер бір аптадан бері тыныштық жоғын жазған. Оның сөзінше, оқырмандары актердің кешірім сұраған видеосын жіберіп, жауап беруін өтінген.

«Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім, Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз. Әркім өз жолымен кетті!», — деп жазған ол.

Актердің бұрынғы әйелі оқырмандарынан «қосылыңдар» деп ақыл айтпауын сұрады.

«Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне! Осы сәуірде ажырасқанымызға бір жыл болады. Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық жерге шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады. Иә, бүкіл халықтың алдында да кешірім сұрады, өзімнен де кешірім сұрады. Мен кешірдім! Бірақ қайта бірге болмаймыз, өткенді айта берудің қажеті жоқ. Осымен бұл тақырып жабылсын. енді сұрамаңыздар. Бәрі бітті! Қайта қозғай бергеннен пайда жоқ», — деп жазды ол.

Нұрсұлтан Жақсыген — қазақстандық актер және блогер. Ол өзінің шығармашылық жолын «Жайдарман» ойындары арқылы бастап, кейіннен «Жаңа қоныс», «Бастық боламын», «Q елі» сияқты телехикаяларда басты рөлдерді сомдады. Қазір актер блогерлікпен де белсенді айналысып жүр. 

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен ажырасып кеткенін былтыр шілде айының аяғында айтқан еді.

«Менің міндетім — ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті — ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады. Біреудің өміріне араласпаған ұзақ өмір сүреді екен. Балаларыма көмектесіп тұрамын. Ондай әке емеспін. Апта сайын көрісіп, қыдыртып тұрамын. Анам той жасау қамына кірісті. Мәслихат өткізіп жатыр. Ұрыссыз, жанжалсыз ажырастық. Жақсы жар болмасақ та, жақсы ата-ана болуға уәде бердік. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бізге махаббат қызық мол жылдар нәсіп етсін деп дұға тілеңіздер!» — деп жазды актер.

Фариза Алмасқызы мен Нұрсұлтан Жақсыгеннің екі ұлы бар.