Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарламаға Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногория елдерінен барған төрт жас талантты музыкант қатысады.
«Жартылай финалда әр елдің қатысушылары бір-бірімен жұп-жұп болып сайысқа түседі. Содан кейін финалда әр елден бес өнерпаз бір-бірімен кездеседі.
Отандасымыз «Virtuosos» жобасына екінші рет қатысады. Былтыр ол алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған.
Былтырғы жобаның финалында Димаш ХХ ғасырдың ең ұлы дауысы маэстро Пласидо Домингомен дуэт жасады. Екеуі Жорж Бизенің «Інжу жинаушылар» операсындағы Надир мен Зурганың «Au Fond du Temple Saint» дуэтін орындады», — деп жазады dimashnews.com.