44 жастағы жаттықтырушы Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ол жақында ғана “Қызылжар” футбол клубының бас бапкерлік қызметінен кеткен еді. Алиевтің басшылығымен петропавлдық команда былтырғы маусымда Қазақстан премьер лигасын тоғызыншы орынмен аяқтады.
Ал 2022/2023 жылғы футбол маусымында “Қызылжарды” ішкі біріншілікте бесінші орынға шығарды. Сол жылы клуб тұңғыш рет Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге жолдама алды. Еурокубоктық жарыста алғашқы кезеңде хорватиялық “Осиек” футбол клубын екі ойын нәтижесі бойынша жеңіп, келесі кезеңге өткен еді. Алайда екінші раунда кипрлік “АПОЭЛ” клубынан жеңіліс тапты.
Сондай-ақ Али Алиев петропавлдық командаға дейін астаналық “Жеңіс”, қарағандылық “Шахтер” клубтарының сапында жұмыс атқарған. Және “Астана” футбол клубының жастар құрамасында аға бапкер болған еді.
Айта кетейік, Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерлік қызметінен кеткен еді.