Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 503.61
  • 524.96
0 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр

Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр

Журналист Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурдың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті

  • 29 Қаңтар
  • 77
t.me/danapartner

Бұл жайлы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокурордың орынбасары оның Қылмыстық кодекстің 174-бабы – ұлттық араздықты қоздыру бойынша іздеуде екенін растады.

Тергеу әрекеттері оның орналасқан жерін анықтауға бағытталған. Бұл жұмыспен Интерпол айналысып жатыр.

«Оған 6 баппен халықаралық іздеу жарияланды, істің басым көпшілігі алаяқтық бабы бойынша. Оның нақты қайда екенін айта алмаймын. Бірақ әлеуметтік желілерде оның БАӘ-ден пікір білдіріп жатқаны жазылды. Бізде әзірге ондай ақпарат жоқ. Тергеу аяқталған соң, сот отырысы өте ма, жоқ па белгілі болады», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Егер естеріңізге салсақ, осыдан жарты жыл бұрын Дана Орманбаева Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берген еді.