Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Дана Орманбаева қазіргі таңда іздестіріліп жатыр, оны неге әлі ұстамағандарын білмедім. Ол шалқып өмір сүруде, Дубайда болу керек. Әлеуметтік желіде ұрысу мүмкін емес, мен оны сотқа бергенмін. Екі сотта жеңгенмін, ол маған айыппұл төлеген. 3-4 миллиондай төлеген, менің шығындарымның барлығын төледі. Оның елдің алдында кешірім сұрауын күтіп жүрмін, оған кешірім сұрау үкімі қойылған. Егер әлеуметтік желіде кешірім сұрамаса тағы бір сот болады. Адаммен басқаша мүмкін емес екенін түсіндім, тек заң, сот арқылы ғана. Біз өз шындығымызды растадық. Екі сотты жеңіп, біреуінен жеңіліп қалдым. Оны тауып, елге әкелуін күтудемін”, — деді продюсер.
Сондай-ақ, ол әйгілі емші Бағдагүл туралы да сөз етті.
”Адамдардан ұрысудан ләззат алады, сондай адамдар болады, сондай адамдар болады. Базарға барған кезде, айқайлайтын әйелдер болады ғой оларды жеңе алмайсың, ұрысысу мүмкін емес. Дәл сондай сияқты оның өз шындығы бар. Ол әлемді құтқарудамын деп ойлауда, солай болуы керек те шығар. Қалағанның бәрін айта берсін, бірақ адамды қорлауға болмайды. Сол үшін ғана күресудеміз”, — деді Баян Алагөзова.