“Көкпардың 70-80 пайызын ат шешеді”: Әлібек Мұқатаев Қазақстан құрамасының жеңілісіне пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 456.56
  • 530.52
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Көкпардың 70-80 пайызын ат шешеді”: Әлібек Мұқатаев Қазақстан құрамасының жеңілісіне пікір білдірді

“Көкпардың 70-80 пайызын ат шешеді”: Әлібек Мұқатаев Қазақстан құрамасының жеңілісіне пікір білдірді

Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының вице-президенті, қоғам қайраткері Әлібек Мұқатаев Көшпенділер ойындарында көкпар мен көк бөріден Қазақстан құрамасының Қырғызстаннан жеңілуіне қатысты пікір білдірді.

  • 7 Қыркүйек
  • 335
Фото: Жасанды интеллект


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Оның сөзінше, Қазақстан құрамасының басты мәселесі – аттардың дайындығы.

“Осымен көшпенділер ойыны бітті. Өкінішке орай Қазақстан құрамасы көк бөріден 12:0, көкпардан 7:2 болып жеңілді. Жұмыс бабамыен бара алмадым, тікелей эфирден көрдім. Барсам да ол жерде көп нәрсеге шыдамай, өз өзімді ұстай алмаушы едім. Бұл жерде үлкен мәселе — ат. Қазақ балуандары мықты. Жерден алып та, тақымға басып та жатыр. Бірақ аттар жүрмейді. Көк бөріде, көкпарда 70-80% ат шешеді. Менде “неге көк бөріге, көкпарға жақсы аттар жинамадық” деген сұрақ туындайды. Қазақстанда көшпенділер ойыны өткен кезде де аттар нашар болды. 2 жыл өтті, осы жолы да дайындалған жоқ. Федерация ауысты. Бізде небір қалталы, кәсіпкер жігіттер бар. Бәріміз жиналып, жақсы аттар алсақ болады. Сол үшін ішім ауырады”, — дейді ол. 

Сондай Әлібек Мұқатаев қазақ-қырғыз арасындағы көкпардағы текетіреске қатысты да пікір білдірді.

“Қазақ қырғыз бір туған дейміз. Күрес, болса бір бірімізді қолдаймыз. Көкпар болса қырылысамыз. Сол себепті бізге басқа елде кездесіп, сөйлесіп, ортадағы барлық мәселені шешіп, меморандум жасау керек. Еркекше сөйлесіп, қол аласып, қысымды тоқтату керек. Бұлай болмайды”, — дейді ол.

Мұқатаев сөз соңында Қырғызстан құрамасын жеңісімен құттықтап, олардың Көшпенділер ойындарына жақсы дайындалғанын атап өтті.

“Қырғыз елі, жеңістеріңіз құтты болсын. Аттарыңыз мықты, палуандарыңыз мықты. Көшпенділер ойынына жақсы дайындалғансыздар”, — дейді ол. 

Еске сала кетейік, 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтті. Жарыс барысында көк бөріде Қырғызстан Қазақстан құрамасын 12:0 есебімен жеңсе, көкпарда 7:2 есебімен басым түсті.