Мобильді аударымдарға қойылатын шек 1 млн теңгеге дейін өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.95
  • 594.49
-9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мобильді аударымдарға қойылатын шек 1 млн теңгеге дейін өседі

Мобильді аударымдарға қойылатын шек 1 млн теңгеге дейін өседі

Мобильді аударымдарға қатысты шекті 255 мың теңге деп белгілеу туралы мәліметті Ұлттық экономика министрлігі 2023 жылғы ақпанда хабарлаған. Қазіргі уақытта бұл түзету қабылданған жоқ, кейбір деректерге сәйкес ол Ұлттық банкте келісу кезеңінде тұр.

  • 31 Қаңтар 2025
  • 9
Фото: nalog.ru

Мобильді аударымдарға бақылау жүргізудің төменгі шегі қайта қаралды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Қаржы вице-министрінің мәліметінше, төменгі шег 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылмақ. Бұл ең төменгі жалақы мөлшеріне тең.

Қазіргі жағдай бойынша бұл сома 255 мың теңге. Алайда жаңашылдық қоғамның наразылығын тудырды. Кейіннен мәжіліс депутаттары бұл көрсеткіш шындықтан алыс екенін айтқан еді.

«255 мың теңге шегі біздің шынайы жағдайға сәйкес келмейді деп есептейміз. Төлем сомасын кәсіпкердің таза табысы деп қарастыру дұрыс емес. Іс жүзінде бизнес тиімділігі 15-20%. Егер айналым 255 мың теңге болса, оның табысы 50-60 мың теңге шамасында болады. Таза табысы 255 мың теңге болуы үшін кәсіпкердің айлық айналымы 1 миллион теңгеден асуы қажет. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы мобильді төлемдерді мониторингтеуді айына 1 миллион теңгеден асатын сомадан бастау қажет деп ұсынады», – деген еді Азат Перуашев.