Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай оған 1 млн теңге біржолғы көмек беріледі.
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлеғариеваның мәліметінше, Жеңіс күніне орай ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету көрсету көзделіп отыр.
— Атырау қалалық және аудандық мәслихаттардың шешіміне сәйкес соғыс кезінде орден-медальдармен марапатталған 21 тыл ардагеріне 100 мың теңге, марапатталмаған 872 адамға 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезінде концлагерь тұтқынында 1 адамға 1 млн теңге беріледі. Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған боздақтардың, не мүгедектерінiң, соларға теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына 60 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделіп отыр. Қазір осы санаттағы тізімде 26 адам бар, — деп хабарлады Әлфия Төлеғариева.
Оның айтуына қарағанда, Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек алатындарға медициналық, коммуналдық жеңілдіктер және басқа да қолдаулар қарастырылған.