"Бірдеңені сезген": Қаңтарда күйеуінен айырылған жесір әйелдің өлер алдындағы соңғы видеосы тарап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бірдеңені сезген": Қаңтарда күйеуінен айырылған жесір әйелдің өлер алдындағы соңғы видеосы тарап кетті

"Бірдеңені сезген": Қаңтарда күйеуінен айырылған жесір әйелдің өлер алдындағы соңғы видеосы тарап кетті

Күні кеше қаралы қаңтарда оққа ұшып, қаза болған Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі Сая Есенгелді жол апатынан қайтыс болғаны анықталды.

  • 6 Ақпан
  • 599
Instagram/Гүлмира Әбіқай

Желіде әйелдің опат болар алдындағы соңғы видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сая Есенгелді күйеуі қаңтар оқиғасында көз жұмған соң, төртінші баласын дүниеге әкеліп, оларды бағып-қағу үшін такси қызметінде еңбек еткен. Келіншек 4 ақпан күні Алматы-Бішкек тас жолында жол апатына түсіп, қаза болды. Марқұмдардың соңында 4 баласы қалған.

Қазіргі таңда балаларды марқұм әйелдің сіңлісі асырап алмақ. Десе де, оның үй-күйі жоқ екені белгілі болды. Сонымен бірге, бүгінде төрт балаға Саяның анасы қарап отыр екен. Бұл жөнінде журналист Гүлмира Әбіқай мәлімдеді.

«Қаңтар оқиғасы талай тағдырды өзгертіп, талай отбасын күйретіп кетті. Мына фотодағы Еркебұлан қаңғыған оқтың құрбаны. Анасын жұмыстан әкеле жатқан кезде оққа ұшты. Жұбайы Сая төртінші балаға жүкті еді. Күйеуін арулап жерлеп, өзі аман-есен босанды. Қызының есімін марқұм әкесі қалағандай Ерке деп атады.

4 баланы асырап жеткізу үшін Сая Алматы-Қордай арасында такси болып жүрген. Кеше күре жол бойында апатқа ұшырап, 4 баланың анасы тіл тартпай кетті. Баланың үлкені 10-да, кішісі 2 жарымда. Қандай ауыр қайғы, ауыр қаза.

4 күн бұрын әкесі мен жарына арнап құран оқытқан Саяның енді өзі жоқ. Жалдамалы үйде 4 немересін құшақтап артында аңырап қалған анасына көңіл айтайық ағайын. Қазір қарт ананың есі кіресілі-шығасылы, жұбатайық. Ертең Саяның жаназасы. Қаңтар…қаңтар», — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Төрт баланың тағдыры не болатыны әзірге белгісіз. Көпшілік бүлдіршіндерге әкімшіліктен үй алып беруді сұрауда.

Сонымен бірге желіде марқұмның соңғы кездегі видеолары тарап кетті. Онда оның қаза болған күйеуін сағынып жүргені, қатты шаршап жүргені жазылған.