1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

Бұл қымбаттау шығындарды азайтуға бағытталған.

  • 17 Ақпан
  • 12
Фото: culture.ru

2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда пойыз билеттері 7%-ға қымбаттайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тарифтің өсуі барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттарға, сондай-ақ бірқатар қала маңына қатынайтын пойыздарына әсер етеді.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ ресми түсініктеме берді. Компания өкілдері бағаның көтерілуі “Теміржол көлігі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіліп отырғанын мәлімдеді.

«2025 жылдың 1 наурызынан бастап барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарының тарифі 7%-ға көтеріледі. Бұл өзгеріс тасымалдаушы шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады»,- делінген компания хабарламасында.

Перейти к новостям спорта