Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекетішілік іс-шараларды өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық сатысы осылай қалыптасты:
1.Президент
- Премьер-Министр
- Парламент Сенатының Төрағасы
4.Парламент Мәжілісінің Төрағасы
- Мемлекеттік кеңесші
- Президент Әкімшілігінің Басшысы
- Экс-Президенттер
- Конституциялық Сот Төрағасы
- Жоғарғы Сот Төрағасы
- Ұлттық Банк Төрағасы
10-1. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары
10-2. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары
- Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
- Бас Прокурор
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
- Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
- Президенттің Іс басқарушысы
15-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
15-2. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы
- Премьер-Министрдің орынбасарлары (тағайындалған күні бойынша)
- Президенттің көмекшілері (тағайындалған күні бойынша)
- Президент Кеңсесінің бастығы
- Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
- Алып тасталды – ҚР Президентінің 12.01.2025 № 779 (06.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
- Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
- Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары
- Ішкі істер министрі
- Қорғаныс министрі
- Сыртқы істер министрі
- Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
- Алып тасталды – ҚР Президентінің 12.01.2025 № 779 (06.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
- Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктердің төрағалары (тағайындалған күні бойынша)
- Үкімет Аппаратының Басшысы
- Министрлер (тағайындалған күні бойынша)
30-1. Президенттің кеңесшілері
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері (тағайындалған күні бойынша)
- Алып тасталды – ҚР Президентінің 12.01.2025 № 779 (06.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
- Президенттің арнаулы өкілдері
- Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы
- Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары
- Президенттің Протокол қызметінің бастығы
- Президенттің Баспасөз хатшысы
- Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
- Парламент депутаттары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
- «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
- «Алтын Қыран» орденінің иегерлері мен «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған адамдар
- Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалған күні бойынша)
- Конституциялық Соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша)
- Жоғарғы Соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша)
- Төтенше және Өкілетті елшілер (тағайындалған күні бойынша)
- ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
- Сот әкімшілігінің басшысы
- Ұлттық компаниялардың басшылары
- Өзге де мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер
- Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары https://kaz.inform.kz/news/prezident-lauazimdi-adamdardin-protokoldik-satisin-bektt-32b90f/