Қазақстанда мәйітті «соймай» сот-медициналық сараптама жасайтын технология қолданысқа енеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мәйітті «соймай» сот-медициналық сараптама жасайтын технология қолданысқа енеді

Қазақстанда мәйітті «соймай» сот-медициналық сараптама жасайтын технология қолданысқа енеді

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында сот-медициналық сараптама шаралары дәстүр мен дінге сай ету үшін компьютерлік томографияны қолдануды ұсынды.

  • 26 Ақпан
  • 8
Фото: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Виртуалды аутопсияны» енгізу жоспарланып отыр. Бұл – қайтыс болғандарға сот-медициналық зерттеулер жүргізу үшін компьютерлік томографияны қолдану. Зерттеу мәйітті кеспей (соймай) жүргізіледі. Бұл ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылықты болдырмауға көмектеседі, — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол сараптама қызметін автоматтандыру арқылы сараптама жүргізудің ашықтығын арттыруға болатынын айтты.

Пилот ретінде күрделі емес екі-үш сараптаманы автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Жасанды интеллектті пайдалана отырып, «Е-сараптама 2.0» ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын әзірлеу қажет. Себебі қолданыстағы жүйе заманауи талаптарға сай келмейді. Оны басқа ақпараттық жүйелермен, жабдықтармен біріктіру мүмкін емес. Бұл зерттеуді жүргізу кезінде сарапшының іс-әрекетін қадағалауға, сондай-ақ зерттеу кезіндегі болуы мүмкін ауытқулар туралы ескертуге мүмкіндік береді. Сарапшының іс-әрекеті мен әрекетсіздігі жөнінде ескертеді. Жүйенің өзінде зерттеу жүргізуге және «адамның қателіктерін» болдырмауға мүмкіндік беретін функция қарастырылады, — деді Ерлан Сәрсембаев.

Перейти к новостям спорта