Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанды дамыту орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.9
  • 593.5
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанды дамыту орталығы ашылады

Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанды дамыту орталығы ашылады

4 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады

  • 5 Наурыз
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады», — деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі.

Президент Қасым-Жомарт Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктес мемлекеттерге ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады.