Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында:
- 4 еңбек ардагері;
- 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
- 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
- 6 кәсіпорын басшысы;
- 3 қоғамдық ұйым өкілі;
- 7 мемлекеттік қызметкер;
- 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен
- Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы
- Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
- Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы
- Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі
- Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі;
«Парасат» орденімен
- Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
- Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты
- Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты
- Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі
«Құрмет» орденімен
- Абиева Раиса Леонидовна – «Абиев А.А.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы
- Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы
- Айтбаева Шолпан Сашкенқызы – еңбек ардагері, Астана қаласы
- Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері
- Әбенова Күлпаш Қайроллақызы – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы
- Әзімқұлова Әділет Срадинқызы – еңбек ардагері, Түркістан облысы
- Гияги Роза Римовна – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы
- Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы – «М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы
- Елеуова Қаракөз Темірбекқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы
- Земляная Людмила Дмитриевна – «Жер су» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы
- Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы – «BESTKZ.KST» ЖШС басшысы, Қостанай қаласы
- Қанапина Гүлнар Бекежанқызы – «Қазақстан Алюминийі» АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы
- Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі
- Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы – «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры
- Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе облысы
- Одинцова Маргарита Владимировна – Жоғарғы Соттың судьясы
- Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы – «Назарбаев университет» ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы
- Үмбеталина Марал Әбдірашқызы – «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы
- Хамитова Алмагүл Мәжитқызы – «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы
- Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі» РМК дәрігері;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
- Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы «Қ. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүсмет» ӨБ электрмен дәнекерлеушісі
- Мадимарова Анар Серікбайқызы – «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы
- Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы – «Altyntau Kokshetau» АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы
- Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы – «Ақ Жайық-7» ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы
- Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері;