Ұлттық құрылтайда Аманжол Әлтай: Қазақ киносынан ұят қашып барады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық құрылтайда Аманжол Әлтай: Қазақ киносынан ұят қашып барады

Ұлттық құрылтайда Аманжол Әлтай: Қазақ киносынан ұят қашып барады

Бүгін Бурабайда екі күнге жалғасатын Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды. Алғашқы күндегі "Руханият. Өнер. Мәдениет" секциясының отырысында 21 құрылтай мүшесімен қатар Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай да өз пікірімен бөлісіп, бірқатар ұсынысын алға тартты

  • 14 Наурыз
  • 13
ФОТО: Аманжол Әлтай

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат Айда Ғалымқызы Балаеваның төрағалығымен өткен «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясында өз тарапынан бірнеше ұсыныстарды алға тартқанын жеткізді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. Қазір ауылдардағы мәдениет ошақтарының ахуалы мәз емес екенін айтқан депутат тағы мынандай бірнеше ұсыныстарды алға тартады:

  1. Тозығы жеткен, аядай тар, ескі нысандарды сырып тастап жаңадан көпфункционалды мәдениет нысанын салу керек. Оларда міндетті түрде ән — күй үйірмелері жұмыс істегені ләзім.
  2. Бізде бірнеше аймақтарда облыс, қала, аудан атаулары бір — бірін қайталайды. Мысалы: Қостанай облысы, аудан және қала тауы бар. Осыны: Қостанай облысы, Ахмет қаласы, Міржақып ауданы десе қандай жарасымды.
  3. Сондай-ақ Астанадан «Абай орталығы» салынуы керек. Оған «Абай әлемі» ғылыми зерттеу институты мен шығармашылық одақтар топтастырылса.
  4. Жасөспірімдер телеарнасы ашылуы керек.
  5. Жылқы түлігі — ұлттың айбары, жігіттің асқақ рухы. Арғымақ — көшпелілік мәдениеттің бөлінбес бөлшегі. Елімізде «Тұлпар күні» белгіленіп жан — жақты аталып өтуі қажет.
  6. Қазақ киносынан ұят қашып барады. Кинопракатқа шығарар алдында лицензия берудің талаптарын қатаңдату керек.