Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады

Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

  • 17 Наурыз 2025
  • 2
фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.,

Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған саланы дамыту жөніндегі жоспарын таныстырып, таяуда Ядролық энергетика агенттігін құру туралы маңызды шешім қабылданғанына назар аударды. Бұл ұлттық экономика алдындағы стратегиялық міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.

Президент Қытай Халық Республикасының атом энергетикасында көшбасшы саналатын CNNC тәжірибесіне еліміздің қызығушылық танытып отырғанын айтты.