Елде қанша автокөлік бар - kaz.caravan.kz
  • $ 500.32
  • 545.3
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елде қанша автокөлік бар

Елде қанша автокөлік бар

149,2 мың автокөлік құралдары ақпан айында есепке қойылды

  • 18 Наурыз
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазды  Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

— 2025 жылғы ақпанда 149,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% артты, — делінген хабарламада.

Оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 8%, жүк автомобильдері 26,2% артты, ал автобустар 6,8% кеміді.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5791,7 мың болды, оның ішінде 88,1% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2% автобустар.