Өткен жылы қанша отбасы некелесіп, тағы қаншасы ажырасты - kaz.caravan.kz
  • $ 500.32
  • 545.3
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен жылы қанша отбасы некелесіп, тағы қаншасы ажырасты

Өткен жылы қанша отбасы некелесіп, тағы қаншасы ажырасты

Өткен жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 123,6 мың неке тіркеді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2% артық

  • 18 Наурыз
  • 1
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, некелесудің жалпы коэффициенті 6,13 құраған (1000 адамға).

Некелескендердің көпшілігі Астана қаласында, 1000 адамға шаққанда 7,34 неке коэффициенті, сондай-ақ Алматы (6,98) және Ұлытау облыстарында (6,70) байқалды. Некеге тұрудың ең төменгі деңгейі Батыс Қазақстан облысында – 1000 адамға шаққанда 5,58 неке.

Отбасын құрғандардың ішін ерледердің 78% және әйелдердің 79,1% некеге алғаш рет тұрған, ажырасқаннан кейін қайта үйленген ерлердің үлесі – 20,8%, тұрмысқа шыққан әйелдерде –19,4%.

Қалалық жерлерде 82,1 мың неке (66,4%), ауылдық жерлерде 41,5 мың неке (33,6%) тіркелген. Алғаш неке құрған ерлердің орташа жасы 27,9 жас болса, әйелдер үшін – 25,2 жас. 2024 жылы неке жаз айларында ең көп тіркелген: маусым – 11 675, шілде – 13 739, тамыз – 12 936 бірлік.

Барлық тіркелген некенің 81,8% моноэтникалық болса, қалған 18,2% – этносаралық. Ажырасуға келетін болсақ, 2024 жылы олардың саны 40,5 мың болды.

Қалалық жерлерде 30,1 мың ажырасу (74,4%), ауылдық жерлерде – 10,4 мың ажырасу (25,6%) тіркелген. Ажырасудың жалпы коэффициенті 2,01 құрады (1000 адамға).

Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да, 1000 адамға шаққанда 3,12 коэффициентімен, сондай-ақ Қарағанды (3,11) және Павлодар (3,09) облыстарында байқалды. ажырасудың ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 1000 адамға шаққанда 0,90.

Неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі (35%) 1-4 жыл некеде тұрған отбасылар арасында, ажырасулардың 25% – 5 жылдан 9 жылға дейін бірге тұрғандар арасында, тағы 8% неке тіркелгеннен кейін бір жыл ішінде ажырасқан.