Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты

Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды.

  • 3 Маусым 2025
  • 13
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Парижде (Франция) сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

1/8 финалда Данилина мен Крунич турнирдің бесінші нөмірлі жұбы — Эйжа Мухаммад (АҚШ) және Деми Схюрспен (Нидерланд) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Крунич америкалық-чехиялық жұп — Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендпен кездеседі. Бұл жұп Франция ашық чемпионатында бірінші нөмірмен тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін ширек финалға қазақстандық теннисші Александр Бублик те өткен болатын.