Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады.

  • 3 Маусым 2025
  • 8
Фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.

«Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын», – деп жазылған жеделхатта.