"Абай Бегейдің қызы сияқты": Маңғыстау облысында заңсыз лоторея ойнатқан блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай Бегейдің қызы сияқты": Маңғыстау облысында заңсыз лоторея ойнатқан блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

"Абай Бегейдің қызы сияқты": Маңғыстау облысында заңсыз лоторея ойнатқан блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысында заңсыз лоторея ойнатқан блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Желі оқырмандары оны "Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы" деп болжауда.

  • 19 Маусым
  • 10504
Фото - Caravan.kz

Блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жайлы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.

Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан.

Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.

Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 миллион теңгеден асқаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Көпшілік ұсталған ерлі зайыпталарды Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласына ұқсайды деген пікірлер айтуда.

Перейти к новостям спорта