АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранның атысты толық туралы келісімге келгенін хабарлады, деп хабарлайды шетелдік Deutsche Welle агенттігі.
«Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран атысты толық тоқтату туралы келісімге келді. Бұл келісім 12 сағатқа күшінде болады. Кейін соғыс толық аяқталған болып есептеледі», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Оның сөзіне қарағанда атысты бірінші болып Иран тоқтатады, ал 12 сағат өткен соң оған Израиль қосылады.
«24 сағаттан кейін бүкіл әлем 12 күнге созылған соғыстың ресми түрде аяқталғанын атап өтеді. (…) Бұл соғыс жылдарға созылып, Таяу Шығысты күйретуі мүмкін еді. Алайда ондай болған жоқ және ешқашан да болмайды», – деді Дональд Трамп.