"Орныңнан кет, халық Наркенжеге сенеді": Танымал дәстүрлі әншіге тиіскен филармония басшысына халық жаппай қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орныңнан кет, халық Наркенжеге сенеді": Танымал дәстүрлі әншіге тиіскен филармония басшысына халық жаппай қарсы шықты

"Орныңнан кет, халық Наркенжеге сенеді": Танымал дәстүрлі әншіге тиіскен филармония басшысына халық жаппай қарсы шықты

Белгілі дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіге шығып, басшылық тарапынан қысып көріп жатқанын мәлімдеген еді.

  • 25 Маусым
  • 58
Caravan.kz

Ол аздай облыстық филармония басшысы оған қырындап, «махаббат құруға» шақыратын көрінеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Облыстық филармония басшысы аталған мәлімдемемен келіспейтін айтып, оны сотқа беретінін айтты.

«Кешегі әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша мен де өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда. Бұл мәселеде мені де заң қорғайды деп ойлаймын. Сотқа шағымдандым. Соттың шешімін күтейік. Содан кейін барлық әлеуметтік желілерде жария етеміз», – деді Ғалымжан Ерназаров.

«Сіздер оның әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп отырсыздар, бір күні Жезқазғанда, бір күні Қызылордада тойда жүреді. Ол мүлде жұмысқа келмейді. Біздің қателігіміз – жұмыста болмағаны үшін қызметінен босату керек болғанда да жанашырлық танытқанымыз еді», – дейді ол.

Ғалымжан Ерназаров Наркенженің оның кәсіби біліктілігіне қатысты айтқан сынына да жауап берді.

«Мамандығым сәйкес болғандықтан және өнерге жанашыр болған соң, бұл қызметті атқарып отырмын. Шетелге іссапарлар ресми негізде жүзеге асады: елші хаты, басқарманың рұқсаты болады. Бұл қаражатты босқа шашу емес. Астана күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған іссапар», – деді директор.

Перейти к новостям спорта