Тоқаев Словения президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Словения президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Словения президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 25 маусымда Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Caravan.kz мед

  • 25 Маусым 2025
  • 2
фото: Ақорда.кз

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 25 маусымда Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

«Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Бұған дейін Тоқаевтың отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттағаны хабарланған болатын.