Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы Oktagon лигасында чемпион болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы Oktagon лигасында чемпион болды

Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы Oktagon лигасында чемпион болды

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Гамбургте (Германия) өткен OKTAGON 73 турнирінде чемпион атанды.

  • 29 Маусым
  • 14
Фото: instagram/zhumagulov_zhalgas

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 Vesti.kz-тің жазуынша, Жалғас ең жеңіл салмақ дәрежесінде өткен титул кездесуінде Грузиядан келген қазіргі чемпион Бено Адамиямен (12-8-2) күш сынасты.

Адамия жекпе-жек алдында салмақ шегінен асып кеткендіктен, октагонға сары картамен шықты.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша Жалғас жеңіске жетіп, лиганың жаңа чемпионы атанды. Ол қарсыласын соңғы раундта бір рет нокдаунға да түсірді.

Айта кетейік, Адамия бұл жекпе-жекке қатарынан алты рет жеңіске жеткен еді, бірақ бұл жолы Жумагұловқа есе жіберді. Ал Жалғас қатарынан төртінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Oktagon — Еуропадағы үздік лигалардың бірі.

Еске салайық, Жұмагұлов бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен. Ол промоушенде жеті жекпе-жек өткізіп, бір рет жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. UFC-ден 2023 жылы кеткен.

Жалғас бұған дейін Fight Nights Global ұйымында чемпион болған. Ол 2018–2019 жылдары ең жеңіл салмақта бұл лиганың чемпиондық белбеуіне ие болды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера