”1 медаль - 1 көлік”: Әбиба Әбужақыноваға тағы да автокөлік сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”1 медаль - 1 көлік”: Әбиба Әбужақыноваға тағы да автокөлік сыйлады

”1 медаль - 1 көлік”: Әбиба Әбужақыноваға тағы да автокөлік сыйлады

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға су жаңа көлік сыйлады.

  • 1 Шiлде
  • 61
Фото - Caravan.kz

”Jenus” клубы дзюдодан әлем чемпионатынан күміс жүлде алған Әбиба Әбужақыноваға автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Отандық дзюдо жұлдызы әлеуміттік желідегі парақшасына жазба жариялап, бір медалі бір көлікке тең екенін айтты.

“1 медаль = 1 машина. Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма «Jenys» клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өтте қуаныштымын және «Jenys» клубыма ризашылығымды білдіремін”, — деп жазды ол.

Спортшының оқырмандары мен әріптестері құттықтауларын жаудыруда.

“Қандай сыйлыққа да лайықсың”, “Жарайсың, құтты көлік болсын”, “Таза маңдай теріңнің жемісі” — деп жазды олар.

Перейти к новостям спорта