"Баланың бір құлағының жартысы жоқ, қанға қақалып жатыр": 10 жасар ұлды қабаған иттен қорғаған алматылық зейнеткер елден көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баланың бір құлағының жартысы жоқ, қанға қақалып жатыр": 10 жасар ұлды қабаған иттен қорғаған алматылық зейнеткер елден көмек сұрады

"Баланың бір құлағының жартысы жоқ, қанға қақалып жатыр": 10 жасар ұлды қабаған иттен қорғаған алматылық зейнеткер елден көмек сұрады

Белгілі тележүргізуші, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай Алматыда 10 жасар баланы қабаған иттен қорғаған зейнеткерге араша түсті.

  • 2 Шiлде
  • 41
Instagram/Гүлмира Әбіқай

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз ойын желідегі парақшасында жазды. Ол құқық қорғау органдарынан істің әділ қаралуын талап етті.

«Ит талап тастаған баланың жағдайы ауыр, қазір реанимацияда. Алматыда 10 жасар баланы 3 төбет талап, жағын айырып, сан еті мен құлағын жұлып алған деп жазуда басылымдар. 
Дәл осы сәтте стадион жанынан өтіп бара жатқан Серікбек ағамыз болмаса балақай ажал құшар еді. Ағамыз таксилетіп келе жатқан, кенет стадион жақтан топырлаған балалардың жан-жаққа қаша жөнелгенін көреді. Қарасам, бір баланы допша домалатып, қан-жоса қылып үш төбет талап жатыр дейді Серікбек Сақайбеков. 

Балыққа барғанда ұстайтын бәкісін ала жүгіреді. Жақын барғанда баланың сан етін жұлмалап жатқан Питбуль екенін көреді. Питбуль — ең қауіпті, қабаған тұқымдас жануар. Тағы екеуі овчарка екен. “ Питбульды бірінші ұрдым. Баланың бір құлағының жартысы жоқ. Қанға қақалып жатыр. Басы, беті таланған. Овчарка тұқымдас қос ит баланы иығынан тістеп, қуыршақтай ары-бері сүйреледі. Ол итті қуалап жүріп ұрып өлтірдім. Енді сол екі қабаған иттің иелері олардың ақысы қымбат екенін айтып, маған төлейсің деп жатыр. Сонда мен не істеуім керек еді? Кішкентай баланың қан жоса болып, шырылдап жатқанына қарап тұруым керек пе еді? Басын шайнап тастағанша үнсіз қарап тұрам ба?!” – деді зейнеткер.

Өте дұрыс! Ағайын, зейнеткер Серікбек атамызды қоғам болып қолдайық
Полиция қылмыстық іс қозғады! Сотқа дейін тергеу басталды. Енді қымбат тұқымды ит иелері айыппұлмен құтылып кетпей, заң алдында жазасын алсын! Балақай аман қалсын, шипа тілеймін», — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта