ҰҚК жаңа қызмет туралы мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК жаңа қызмет туралы мәлімдеме жасады

ҰҚК жаңа қызмет туралы мәлімдеме жасады

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін құру туралы мәлімдеме жасады

  • 2 Шiлде 2025
  • 8
GOV.KZ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа ведомствоға қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды.

Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда.

Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады.